11.12.2024
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша конкурсты жариялайды.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнындағы байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша конкурсты (бұдан әрі – конкурс) жариялайды.
Конкурсты өткізу күні: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 5-кіреберіс.
Кәсіпорынның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, «Нұра» ауданы, Әнет Баба көшесі, 7а үйі.
Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: денсаулық сақтау жүйесінің ақпараттық инфрақұрылымды (электронды денсаулық сақтау) және медициналық статистиканы жетілдіру, зерттеулер жүргізу, ақпараттық және білім беру бағдарламаларын іске асыру арқылы денсаулық сақтауға жәрдемдесу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі, сондай-ақ мына талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:
1) денсаулық сақтау немесе ұйымның бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
2) денсаулық сақтау немесе ұйымның бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы басшылық қызметте кемінде 3 жыл тәжірибесінің болуы;
3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктердегі мүшелігі.
Мынадай:
1) соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;
2) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданалға дейін бір жылдан астам уақыт осы заңды тұлғаның басшысы болған;
3) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
4) байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық және туыстық қатынастағы тұлға байқау кеңесінің мүшесі ретінде сайланбайды.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін түрде);
2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
3) өмірбаян (еркін түрде);
4) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат растаған көшірмесі;
5) жоғары білімі туралы құжаттың нотариат растаған көшірмесі;
6) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқ екенін растайтын құжаттар.
Конкурсқа қатысушының өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіптік деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсыным туралы құжаттардың көшірмелерін) беруіне болады.
Қатысушы конкурстық өтінімнің түпнұсқасын «Түпнұсқа» деп белгіленген конвертке салып мөрлейді. Бұл конвертте қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және мекенжайы көрсетілуі тиіс. Содан кейін конверт сыртқы конвертке салынып мөрленеді.
Құжаттарды қабылдау басталатын күн – мерзiмдi баспасөз басылымдарына конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күн.
Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күннің ішінде мына мекенжайға ұсынылуы тиіс: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 5-кіреберіс.
Үміткердің конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкестігіне жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде сұхбаттасу жүргізіледі.

https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/documents/details/763002?lang=kk