«IDASH Семинарына қатысу: денсаулық сақтауды цифрландыру саласында тәжірибе алмасу»
2024 жылғы 16-27 қыркүйек аралығында Грузияның Тбилиси қаласында «Информатика және денсаулық сақтау саласындағы деректер туралы ғылым» (IDASH) стипендиялық бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің АЖ әдіснамалық сүйемелдеу департаментінің қызметкері Г.Б. Шурина екінші күндізгі семинарға қатысты.
IDASH бағдарламасы Денсаулық сақтау министрлігі мен ұлттық денсаулық сақтау институттарының халықтың денсаулығын жақсарту үшін сенімді және уақтылы ақпаратты жинауға, басқаруға, талдауға, таратуға және пайдалануға мүмкіндік беретін ақпараттық жүйелерді құру және пайдалану мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.
Қазақстан Республикасының командасы білім беру процесіне белсенді қатысты. Грузия, АҚШ, Ұлыбритания, Қытай және Перу Республикаларынан келген тәлімгерлермен және оқытушылармен тәжірибе алмасудан басқа, Қазақстан өкілдері Армения, Қырғызстан, Молдова, Өзбекстан және Украина сияқты елдерде денсаулық сақтауды цифрландыру туралы құнды білім алды.