10 қазан күні ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің министрі Б.Б. Мусин бен ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Б. С. Есенбаевтың қатысуымен Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының 10 жылдығына орай қызметкерлер марапатталды.
Сондай-ақ, бас директор А.А. Сарманов құттықтау сөз сөйлеп,ұжымның жоғары жетістіктерін атап өтіп, әрбір қызметкерге олардың еңбегі мен компанияға деген адалдығы үшін алғыс білдіріп, одан әрі табыс пен өркендеу тіледі.