Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК-ға Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев пен вице-министр Ербол Оспанов келді
Жұмыс кездесуі барысында денсаулық сақтау жүйесін цифрлық трансформациялаудың өзекті мәселелері қаралды. Алғашқы медициналық-санитариялық көмекті (АМСК) цифрландыру, сондай-ақ салалық статистикалық көрсеткіштерді жинау мен өңдеуді автоматтандыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сапар аясында орталық мамандары денсаулық сақтау ресурстарын басқару тиімділігін арттыруға және жүйенің барлық деңгейінде деректердің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған Ресурстарды есепке алу жүйесін (СУР) таныстырды.
Кездесуге «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК тарапынан Бас директор Нұршат Сарыбек, бас директордың орынбасарлары Серік Тоғызбай, Елена Малютина және Бейбіт Рахымбаев қатысты.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар одан әрі өзара іс-қимылдың басым бағыттарын айқындап, АМСК-ны цифрландыру, салалық статистиканы автоматтандыру және ресурстарды есепке алу жүйесін дамыту бойынша нақты қадамдарды талқылады.