25.07.2023
Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұйымдастырған ҚР ДСМ жұмыс тобының техникалық кеңесіне қатысты.

2023 жылғы 25 шілдеде Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы (РЭДСО) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) ұйымдастырған иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністер (ИКҚК) эпидемиологиялық және фармакологиялық қадағалау жүйесін жетілдіру жөніндегі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (ҚР ДСМ) жұмыс тобының техникалық кеңесіне қатысты.

РЭДСО ИКҚК-ді цифрландыруда шешуші рөл атқарады және одан әрі ИКҚК істерін мониторингілеу және талдау үшін деректерді жинау мен өңдеуді автоматтандырады.

Кеңеске ҚР ДСМ сарапшылары, қызмет көрсетушілер және басқа да серіктестер, соның ішінде фармакологиялық қадағалауға жауапты дәрілік заттарды реттеу жөніндегі ұлттық органдардың өкілдері, ИКҚК эпидқадағалауға жауапты иммундау бағдарламаларының өкілдері, деректерді жинауға жауапты электрондық денсаулық сақтау мамандары, сондай-ақ медицина қызметкерлері қатысты.

Қатысушылар вакциналардың қауіпсіздігін бақылаудағы ұлттық сапаны қамтамасыз етуді, халықаралық деректер стандарттарын және қол жетімді ИКҚК қоймаларын, сондай-ақ дәлелге негізделген сигналдарды анықтау және қауіпсіздік жауаптарын қолдау үшін деректерге қол жеткізу, талдау және түсіндіру әдістерін қамтитын маңызды аспектілерді талқылады.

Кеңес барысында қатысушылар ұсынымдармен танысып, ИКҚК-ді қадағалаудың ұлттық жүйесін әлеуетті жақсарту бағыттарын анықтады. Қатысушылар тобы вакциналардың қауіпсіздігін қадағалау кезінде сапаны қамтамасыз ету мен деректерді басқаруды жақсартуға бағытталған іс-шаралар жоспарын пысықтады. Бұл маңызды қадам Қазақстанда вакцинацияның қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етуге көмектеседі!