07.09.2023
Республикалық электрондық сақтау орталығының қызметкерлері IDC CIO Summit 2023 саммитіне қатысты.
7-8 қыркүйекте IDC CIO Summit 2023 өтті, оған Республикалық электрондық сақтау орталығының қызметкерлері қатысты.
IDC CIO Summit 2023- IDC жетекші халықаралық талдау агенттігі ұйымдастыратын ТМД АТ-нарығының жыл сайынғы негізгі оқиғасы.

Іс - шараның негізгі міндеттерінің бірі- АТ-көшбасшыларын жақын арада іс жүзінде тиімді қолдана алатын пайдалы аналитикалық, технологиялық және практикалық ақпаратпен қамтамасыз ету.


Іс - шараның басты тақырыбы- АТ-нарығын дамытудың маңызды тенденциялары, CIO рөлінің өзгеруі, цифрландырудың өсіп келе жатқан бизнес-мүмкіндіктері, белгісіздік кезеңінде компанияның тұрақты цифрлық стратегиясын құру және іске асыру үшін озық тәжірибелер мен перспективалық технологиялар болды.


Симпозиумның екі күнінде CIO-ның өзекті мәселелері талқыланды, соның ішінде жаңа бизнес-модельдерге арналған цифрлық стратегиялар, цифрлық инфрақұрылымды басқару, цифрлық сауда дәліздері, нөлдік сенімді қауіпсіздік моделі, деректерге негізделген цифрлық стратегиялар, жасанды интеллект пен автоматтандыруды енгізу, электрондық коммерция және оның сәттілік факторлары, ықтимал кедергілер.