07.02.2024
«Донорлық және трансплантация» бизнес-процесін зерттеу
7 ақпанда Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының ұйымдастыруымен маңызды кездесу өтті. Оған Цифрлық үкіметті қолдау орталығы мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі қатысты.

Талқылаудың негізгі бағыты “донорлық және трансплантация” бизнес-процесінің реинжинирингі болды. Талдаудың мақсаты қашықтықтан қабылдау кезінде клиенттердің нақты проблемалары мен “ауырсыну нүктелерін” анықтау болды.

Фокус-топтың кездесуі маңызды қорытындылар мен нәтижелерге алып келді. Алға тартылған болжамдар расталып, бизнес-процесті трансформациялаудың мақсатты көрінісі қалыптастырылды.

Транспланттау мен жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталық, өңірлік транспланттау орталықтары және тіндерді типтеу зертханалары мемлекет тарапынан процестің маңызды қатысушылары болып табылады.

Сондай-ақ трансплантация үшін қолайлы донорды ұзақ күтумен, ықтимал асқынулардан қорқумен және реципиентті таңдау ережелері туралы ақпараттың жеткіліксіздігімен, реципиенттерді күту тізіміне енгізу туралы автоматты түрде хабардар етпеумен байланысты проблемалар анықталды.


Зерттеу нәтижелері Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығына донорлық және трансплантация процестерін жақсарту шараларын айқындауға мүмкіндік берді. Клиентке бағытталған тәсіл мен клиенттердің “ауыруы” мен проблемаларын есепке алудың арқасында қолданыстағы бизнес-процесті өзгерту жоспарлануда.