06.10.2023
5 қазанда Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы Цифрлық үкіметті қолдау орталығының базасында брейншторм ұйымдастырды
5 қазанда Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы Цифрлық үкіметті қолдау орталығының базасында брейншторм ұйымдастырды. Бұл іс-шара дәрігерге барған кезде QR-растаманы пайдалануға байланысты өмірлік жағдайды талқылау мақсатында ұйымдастырылды.

Брейншторм барысында пациенттердің қабылдауға жазылу кезінде және емханалардағы терапевттер мен тар мамандарға барған кезінде кездесетін проблемаларын талқылады.
Қолданыстағы жүйені жақсарту бойынша олардың пікірлері мен ұсыныстарын тыңдау үшін емханалардағы дәрігерлерге барып жазылу тәжірибесі бар пациенттер шақырылды.

Фокус-топқа дайындық барысында біз QR-растау бойынша алдын ала сауалнама нәтижелері ескерілді. Сауалнамаға 1105 пациент пен 2732 дәрігер қатысты. Сауалнамаларды талдау қорытындысы бойынша пациенттердің 50% -ы дәрігерге баруды растау үшін QR-код енгізу идеясына оң қарайды және 48% -ы өз қабылдауларын QR-растау арқылы бақылағысы келеді, бұл пациенттердің жаңа құралды енгізуге оң көзқарасы мен дайындығы туралы айтады.

Брейншторм негізгі проблемаларды анықтауға және оларды шешу жолдарын ұсынуға мүмкіндік берді. Алынған нәтижелер пациенттерге неғұрлым ыңғайлы және тиімді қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында дәрігерлерді қабылдауға және емханаларға баруға жазылу жүйесін жақсарту үшін пайдаланылатын болады.