05.10.2023

4-5 қазанда R&D департаментінің директоры Тимур Айтбай «Go Digital Eurasia» онлайн-конференциясына спикер ретінде қатысты

4-5 қазанда R&D департаментінің директоры Тимур Айтбай «Go Digital Eurasia» онлайн-конференциясына спикер ретінде қатысты.

Онлайн-конференция барысында цифрлық трансформацияның тиімді құралдарының көмегімен бизнес-міндеттерді шешу туралы, үздік кейстерде инновацияларды әзірлеу және енгізу, ірі бизнестегі инновациялар және корпоративтік үдеткіштер, жоғары технологиялық шешімдерді іздеудегі және қолданыстағы бизнес-құрылымдарға интеграциялаудағы инновациялық экожүйенің рөлі туралы, бизнесті трансформациялау, басқару модельдерін түрлендіру және икемді бейімделгіш ұйымдарға көшу туралы мәселелер көтерілді және талқыланды.