05.09.2023
Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы "Цифрлық дәуірдегі еуропалық аймақтағы денсаулық сақтау жүйелерінің болашағы" атты екінші симпозиумына қатысты.
5-6 қыркүйекте Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының өкілдері, Португалия Үкіметімен бірлесіп Порту қаласында ұйымдастырылған ДДСҰ-ның "Цифрлық дәуірдегі еуропалық аймақтағы денсаулық сақтау жүйелерінің болашағы" атты екінші симпозиумына қатысты.

Іс-шара барысында денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру мәселелері бойынша пленарлық және қатар техникалық сессиялар өтті.
Қатысушылар 2022 жылы ДДСҰ Еуропалық өңірлік комитетінің 72 сессиясында қабылданған "ДДСҰ Еуропалық өңірі үшін цифрлық денсаулық сақтау саласындағы 2023-2030 жылдарға арналған өңірлік іс-қимыл жоспарын" қолдауға бағытталған қадамдарды талқылады.

Симпозиум шеңберінде Орталық Азия республикаларының Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі ақпараттық желі (CARINFONET) өкілдері үшін - денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерін жетілдіруге арналған платформа үшін жеке кездесу өткізілді.
Осы кездесуде цифрлық денсаулық сақтауды нығайту бойынша бірлескен іс-қимылдардың ағымдағы басымдықтары мен жоспары талқыланды.