04.11.2022
10 қараша - Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні
Қазақстанда жаңа кәсіби мереке - цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні пайда болды.
IT-сала қызметкерлерін қолдау мақсатында ҚР ЦДИАӨМ жаңа кәсіби мереке бекітуге бастамашы болды. Енді цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні Қазақстанда 10 қарашада атап өтіледі. Тиісті қаулыға ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов қол қойды.
Осыған байланысты бұрын қолданыста болған 17 мамырда аталып өтетін Байланыс және ақпараттандыру қызметкерлері күні мерекесі Байланыс қызметкерлері күні болып өзгертілді.