01.09.2023
Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы IDASH бағдарламасын оқыту аясында тренингке қатысты
Үздіксіз білім алу – жоғары нәтижелерге қол жеткізудің кілті. Сондықтан біздің команда электронды денсаулық сақтау саласындағы барлық жаңа әзірлемелер мен инновациялардан хабардар болу үшін үнемі түрлі оқу бағдарламалар, тренингтер мен семинарлардан өтеді.
Біздің қызметкерлер қатысатын осындай бағдарламалардың бірі - IDASH бағдарламасы.

Осы бағдарлама аясында 29-31 тамыз аралығында Ыстамбұлда "Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы информатика және деректер туралы ғылым" (IDASH) бағдарламасын оқыту шеңберінде "Деректерді визуализациялау және ақпараттық панель" бойынша оқу курсы тренингі өтті.

IDASH-осы жылдың сәуір айында басталған қоғамдық денсаулық сақтау информатикасы немесе деректер ғылымы саласында ұлттық деңгейде жұмыс істейтін орта және жоғары буын денсаулық сақтау техниктері мен талдаушыларына арналған, 12 айлық инновациялық және сертификатталған оқыту бағдарламасы.

IDASH Вашингтон университетімен бірлесіп АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығымен (CDC) құрылды. Бағдарлама халықтың денсаулық көрсеткіштерін жақсарту үшін сенімді және уақтылы ақпаратты жинау, басқару, талдау, тарату және пайдалану үшін ақпараттық жүйелерді құру және пайдалану саласындағы қоғамдық денсаулық сақтау кадрларының құзыреттілік деңгейін жақсартады.

Біздің елден басқа бұл бағдарламаға 4 елдің мамандары қатысады: Қырғыз Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Украина және Грузия.