29.08.2021

Электрондық вакцинация паспортын қалай қарауға болады?

«eGov Mobile» мобильдік қосымшасында вакцинацияның электрондық паспорты қолжетімді. Онда ақпарат үш тілде көрсетіледі: адам қандай препараттарды алды, қандай дозада және қашан. Электрондық "Вакцинация паспортында" вакцинациядан өтудің заңдылығын растауға арналған QR-код болады. Кодты сканерлеу кезінде пациентті вакцинациялау туралы деректермен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына көшу жүзеге асырылады, онда азаматтың дербес деректерінің жария болуынан қорғау мақсатында деректердің бір бөлігі жұлдызша символымен жасырылған (* * * )
Төменде ҚР азаматтары үшін электрондық вакцинация паспортын "eGov Mobile" мобильдік қосымшасында қалай көруге болатындығы туралы толық нұсқаулық берілген.
Сондай-ақ, вакцинацияны жүргізген медициналық ұйымда медицина қызметкері ақпараттық жүйеден басып шығарған Анықтаманы қағаз жеткізгіште ұсыну мүмкіндігі бар. Медициналық ұйым берген Анықтамада пациенттің барлық деректері толық көрсетілген: Т.А.Ә. және ЖСН. Анықтамада қамтылған QR-код вакцинацияланған адамның деректерін ашу үшін емес, анықтаманың заңдылығын растау үшін ғана арналған. Кодты сканерлеген кезде пациенттің вакцинациясы туралы деректері бар бетке көшу жүзеге асырылады, онда азаматтың дербес деректерінің жария болуын қорғау мақсатында деректердің бір бөлігі жұлдызша (***) символымен жасырылады.

Вакцинация паспортына қатысты жиі қойылатын сұрақтар