1 МАУСЫМ - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ

Бүкіл әлемде 1 маусым - Балаларды қорғау күні ретінде аталып өтіп, ескі халықаралық мейрамдардың бірі болып саналады. Оны өткізу жөнінде шешім 1949 жылдың қараша айында Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында қабылданған.

2022 жыл Қазақстан Республикасында "Балалар жылы" деп жарияланды.
Президент бұл жылды тек ұрандап немесе мереке түрінде атап өту ғана емес, балаларды қорғау мақсатында ең алдымен билік тарапынан денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру саласында нақты іс-шаралар жасалуы керектігін қадап айтты.

Тәуелсіз елдің тұғырында дүние есігін ашқан әр ұрпақтың күні мереке болуы тиіс. Олардың өмірінің қауіпсіздігі, соғыстан қорғау, денсаулығын сақтау, болашақ ұрпаққа білім мен тәрбие беру - кез келген адамның міндетіне кіреді.

2022 жылдың 2-ші маусымында ШЖҚ РМК «РЭДСО» Ақтөбе облыстық филиалының сұранысы бойынша Ақтөбе облысының «Алақай» қуыршақ театрында Балаларды қорғау күніне орай қызметкерлеріміздің балаларына арналған «Заманауи бағыттағы» көрініс қойылды. Кәсіпорын ұжымының балалары толықтай қатысты.