Электрондық денсаулық сақтау біздің пациентке не береді?

Ұлт денсаулығы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады. «100 нақты қадам» Ұлт жоспары міндетті медициналық сақтандыруды енгізуді, мемлекеттің, жұмыс берушінің және азаматтардың жауапкершілігі қағидаты негізінде денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығын күшейтуді, медициналық-санитариялық алғашқы көмекті басымдықпен қаржыландыруды көздейді, медициналық қызмет көрсетудің озық стандарттарын енгізуге бағдар береді.

Электрондық денсаулық сақтауды дамыту, денсаулық сақтау жүйесіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу медициналық көмек көрсету сапасын жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар медициналық-санитарлық көмекті қамтамасыз етуде және жеткізуде маңызды рөл атқарады. Электрондық денсаулық сақтау технологиялары пациенттерге қашықтықта мониторинг жүргізуге, пациенттер арасында ақпаратты жақсы таратуға, медициналық-санитариялық көмекке, әсіресе шалғай аудандарда мүгедектер мен егде жастағы адамдар үшін қолжетімділікті жақсартуға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы пациентке өз уақытын ұтымды пайдалану, маман немесе қызметті таңдау, сондай-ақ қызметті алу үшін қолайлы уақытты таңдау мүмкіндігі беріледі.
Жылына бір реттен жиі емес өткізілетін «Емхананы еркін таңдау» науқаны шеңберінде пациент бір елді мекен (әкімшілік-аумақтық бірлік) шегінде дәрігерді, медициналық ұйымды еркін таңдау құқығын ескере отырып, емханаға тіркеле алады. 2010 жылдың басында орталықтандырылған бекіту дерекқорының болмауы пациентті бірнеше ұйымға бекітуге мәжбүр етті, ал бекіту процесі уақыт шеңберімен шектелмегендіктен – тізімдерді қолмен тексеру қиын және тиімсіз болды. Осыған байланысты, қызмет көрсетілетін халықты есепке алу міндетін шешудің жалғыз тәсілі – Ұлттық денсаулық сақтаудың бірыңғай жүйесі шеңберінде «Бекітілген халық тіркелімі» порталын құру болды, ол алғашқы медициналық көмек көрсететін ұйымдарға бекітілген халық туралы мәліметтерді қамтамасыз етті. Сонымен қатар, электрондық үкімет порталымен өзара іс-қимыл жасау есебінен пациент үйден шықпай-ақ учаскелік емханаға тіркелуге өз бетінше өтінім беруге, дәрігерді үйге шақыруға, www.egov.kz электрондық үкімет порталындағы «онлайн» қызметтерді пайдалана отырып, маманның қабылдауына жазылуға мүмкіндігі бар.

Әзірленген ақпараттық жүйелер әрбір дәрігер бойынша баруды, анықталған диагноздарды тіркеуге, науқасты диспансерлік бақылауға, жүргізілген диагностикалық тексерулерге, орындалған қызметтерге және әрбір пациентті амбулаториялық емдеу туралы деректерге, сондай-ақ активтер журналын, дәрігерді үйге шақыруды, маманға жолдаманы тіркеуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні электрондық денсаулық сақтауды дамыту бойынша жүзеге асырылып жатқан жұмыстар қағаз тасымалдаушыларды алып тастауға алып келеді, бұл медицина қызметкерлерін күнделікті қағаз жұмыстарынан құтқарады, соның салдарынан дәрігерлер пациенттерге көбірек уақыт пен көңіл бөле алады. Уақыт өте келе пациенттің амбулаторлық картасы толығымен электронды форматқа көшеді, бұл өз кезегінде республиканың кез келген өңіріндегі маманға санаулы минуттарда пациент туралы қажетті медициналық ақпаратты білуге және пациенттің денсаулық жағдайын жақсартуға бағытталған қажетті шараларды қабылдауға мүмкіндік береді, бұдан басқа, жүйе еліміздің жетекші мамандарына қашықтықтан консультациялар өткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, пациенттің өзі тіркеу орнында күтуге, амбулаториялық картаны іздеуге және оны қабылдауға өзімен бірге алу қажеттілігіне уақыт жұмсауға тура келмейді.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, денсаулық сақтаудағы жаңа тәсілдерді іске асыру, атап айтқанда электрондық денсаулық сақтауды дамыту өз кезегінде медициналық қызмет көрсету сапасына бағытталған дұрыс шешімдер қабылдауға көмектесетін және пациенттің қажеттіліктеріне бағдарланатын уақтылы, өзекті, дұрыс ақпаратты автоматтандырылған түрде алу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс екенін атап өтуге болады.