Қарағанды мемлекеттік медицина институты, 1982-1988 жылдар
Жалпы жұмыс өтілі: 32 жыл
оның ішінде «РЭДСО» - да: 7 жыл
1964 жылғы 11 желтоқсанда Қарағанды қаласында дүниеге келді.
1982 жылы Сәтбаев қаласының № 19 орта мектебін бітірді. 1982 жылдан бастап 1988 жылға дейін Қарағанды мемлекеттік медицина институтында оқыды. Қарағанды қаласының Облыстық клиникалық ауруханасы базасында интернатурадан өтті.
1989 жылдан бастап 2002 жылға дейін Сәтпаев қаласында келесі лауазымдарда жұмыс істеді: № 1 ОҚА ординатор дәрігері, № 1 ОҚА инфекциялық бөлімшесінің меңгерушісі, № 1 ОҚА бас дәрігерінің педиатрия бойынша орынбасары, Сәтпаев қаласының қалалық денсаулық сақтау бөлімі бастығының м.а. 2002 жылдан бастап 2007 жылға дейін Жезқазған қаласында келесі лауазымдарда жұмыс істеді: Жезқазған қ. МҚТ аймақтық өкілдігінің бас маманы, Біріккен балалар ауруханасы емханасының меңгерушісі, Жезқазған қ. бас педиатры.
2007 жылы Астанаға қоныс аударып, кадрлар, әкімшілік-құқықтық, инновациялық технологиялар, талдау және мониторинг бөлімінің бас маманы, кейін бастығы қызметін атқарды.
2011 жылдан бастап 2013 жылға дейін Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары, 2013 жылдың қыркүйегінен бастап 2014 жылдың 04 сәуіріне дейін Астана қаласының «№ 9 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК бас дәрігері болып жұмыс істеді.
2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ДСМ «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК Астана қалалық филиалының директоры.
Бірнеше рет біліктілік деңгейін жоғарылатты. 2013 жылдың ақпан айында денсаулық сақтауды ұйымдастырушының жоғары біліктілік санаты берілді.
Жезқазған, Астана қалалары әкімдерінің, Денсаулық сақтау басқармасының атынан құрмет грамоталары, алғыс хаттары бар. «Денсаулық сақтау саласының үздігі» төсбелгісімен, «ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы» мерейтойлық медалімен және ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталған.