Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиясы институты, 1993 ж.
Жамбыл гуманитариялық-техникалық университеті, 2012 ж.
Жалпы жұмыс өтілі: 27 жыл
оның ішінде «РЭДСО» -да: 8 жыл
1971 жылғы 30 наурызда Жамбыл облысында дүниеге келді. Ұлты – Қазақ. Білімі-жоғары. Қазақстан Республикасының азаматы.
Оқыды:
1987 жылы мектепті бітірді.
1993 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиясы институтын «Бухгалтерлік есеп, шаруашылық қызметті бақылау және талдау» мамандығы бойынша бітірді.
2012 жылы Жамбыл гуманитариялық-техникалық университетін «Информатика» мамандығы бойынша бітірді.
Жұмыс істеді:
01.04.1994 жылдан 06.11.1995 жылға дейін Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жанатас қаласында “Медициналық-санитарлық бөлімде” экономист ретінде жұмыс атқарды.
06.11.1995 жылдан 04.01.1996 жылға дейін Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жанатас қаласында “Медициналық-санитарлық бөлімі” материалдық бөлімнің есепшісі ретінде жұмыс атқарды. 01.04.1996 жылдан 25.04.1997 жылға дейін Жамбыл облыстық ММС Қорының көлемді және медициналық көмекті бақылау бөлімінің маманы ретінде жұмыс атқарды.
03.08.1997 жылдан 03.01.2000 жылға дейін ММСҚ АҚ жетекші маманы ретінде жұмыс атқарды;
01.04.2000 жылдан 01.06.2000 жылға дейін “Денсаулық” РМКК талдауды және статистиканы ақпараттық алып жүру бөлімінің бас маманы ретінде жұмыс атқарды; 01.06.2000 жылдан 21.09.2007 жылға дейін Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасында тарифтік политика, болжамдау және медициналық көмектің маркетингі бөлімінің бастығы ретінде жұмыс атқарды;
28.10.2007 жылдан 01.04.2010 жылға дейін “Медициналық ақпараттық-аналитикалық орталық” МКК экономикалық мәселелер бойынша директор орынбасары болып жұмыс атқарды;
13.08.2010 жылдан 10.05.2011 жылға дейін ҚР ДСМ “Республикалық электрондық денсаулық сақтауды дамыту орталығы” РМК Жамбыл облыстық филиалының директор орынбасары болып жұмыс атқарды;
22.05.2012 жылдан 02.07.2012 жылға дейін ҚР ДСМ “Республикалық электрондық денсаулық сақтауды дамыту орталығы” РМК Жамбыл облыстық филиал директорының міндетін атқарушы болып жұмыс атқарды;
02.07.2012 жылдан 25.12.2013 жылға дейін ҚР ДСМ “Республикалық электрондық денсаулық сақтауды дамыту орталығы” РМК Жамбыл облыстық филиалының директоры ретінде жұмыс атқарды;
25.12.2013 жылдан 04.04.2014 жылға дейін ҚР ДСМ “Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы” РМК Жамбыл облыстық филиалының директорының міндетін атқарушы ретінде жұмыс атқарды;
04.04.2014 жылдан бастап осы уақытқа дейін ҚР ДСМ “Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы” ШЖҚ РМК Жамбыл облыстық филиалының директоры ретінде жұмыс атқарып келеді.
Марапаттар 1. «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» алқа белгісі, денсаулық сақтау Министрінен, №1391 куәлік – 2010 жыл. 2. Медицина қызметкерлері күніне орай салалық кәсіподақ қозғалысын дамыту және нығайтуға қосқан үлесі үшін Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының «Құрмет грамотасы» - 2015 жыл. 3. ҚР ДСМ «ДСДРО» Бас директорының «Медицина қызметкері» күніне орай республиканың денсаулық сақтау ісін дамытуға қосқан үлесі үшін «Құрмет грамотасы» - 2013 жыл. 4. ҚР ДСМ «ДСДРО» Бас директорының денсаулық сақтау дамыту Республикалық орталығының қалыптастыру ісіне қосқан үлесі үшін «Құрмет грамотасы» - 2011 жыл. 5. «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» алқа белгісі “AQNIET” Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподақ” АҚ ЖОФ, №1006 күәлігі - 2021 жыл. 6. Қазақстан Республикасының Президентінің “Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл” мерекелік медалі - 2021 жылдың желтоқсан айы. 7. “AQNIET” Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподақ” АҚ ЖОФ “Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл” мерекелік медалі - 2021 жылдың желтоқсан айы.