Мобильді қосымшалар халыққа және дәрігерлерге қалай көмектеседі
Денсаулық сақтауды цифрландыру. Мобильді қосымшалар халыққа және дәрігерлерге қалай көмектеседі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы №827 қаулысымен бекітілген «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы (https://primeminister.kz/ru/page/view/gosudarstvennaya_programma_digital_kazahstan), сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы (http://www.akorda.kz/ru/addresses/addresses_of_president/poslanie-prezidenta-respubliki-kazahstan-n-nazarbaeva-narodu-kazahstana-10-yanvarya-2018-g) шеңберінде денсаулық сақтау жүйесінің алдына ақпараттық жүйелерді интеграциялау, мобильдік цифрлық қосымшаларды қолдану, электрондық денсаулық паспорттарын енгізу, «қағаз қолданбайтын ауруханаға» көшу арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру арқылы осы саланы цифрлық трансформациялауды іске асыру міндеті қойылды.
Қазақстан Республикасында патронаж жүйесінің жаңа моделін енгізуге байланысты патронаж мейірбикелерге арналған мобильді қосымшаны әзірлеу қажеттілігі туындады, бұл олардың үйге барған кезде баланың нысандарын толтыру бойынша жұмысын жеңілдетеді, жұмыс тиімділігін арттырады, сондай-ақ деректердің жоғалу қаупін едәуір төмендетеді. Мобильді қосымша интернет желісінің көмегімен медицина қызметкерін (медбикені) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің деректер базасымен байланыстырады, оған деректерді кейіннен өңдеу және сақтау үшін толтырылған Нысандар жіберіледі. Толтырылған Нысандар серверде сақталады, бұл ақпараттың жоғалу қаупін едәуір азайтады, сонымен қатар оны өңдеуге және толықтыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, балалардың дамуы мен денсаулығы, ата-ана дағдылары, ата-аналардың физикалық психикалық денсаулығы мәселелерінде ата-аналардың хабардарлығын арттыру мақсатында ата-аналарды тегін негізде пайдалану үшін смартфондар мен планшеттерге арналған мобильді қосымша түрінде ақпараттық ресурс әзірлеу қажет.
Осылайша, әртүрлі функциялары мен міндеттері бар екі мобильді қосымшаны әзірлеу қажеттілігі туындады: бірі патронаждық мейіргерлерге арналған мобильді қосымша (бұдан әрі – «Патронаждық мейіргер») және екіншісі ата - аналарға арналған (бұдан әрі – «Ерте шақтағы балаларға күтім жасау»).
Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (http://dsm.gov.kz/) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК-мен (https://www.ezdrav.kz/) және Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) (https://www.unicef.org/kazakhstan/) 2017 жылы «Патронаждық мейіргер» және «Ерте шақтағы балаларға күтім жасау» мобильді қосымшасын бірлесіп әзірлеу және енгізу басталды.

Бұл мобильді қосымшалар несімен пайдалы?

«Патронаждық мейіргер» МҚ мейіргердің патронажы кезінде ана мен баланың медициналық тарихы туралы мәліметтерді жинауға және жазуға арналған.

«Патронаждық мейіргер» мобильді қосымшасы мынадай міндеттерді шешеді:
Қажетті медициналық ақпаратты орталықтандырылған сақтау
Қағазсыз жұмыс жүргізуге көшу
Нақты уақыт режимінде есептер алу
24/7 режимінде онлайн қол жеткізу

«Ерте шақтағы балаларға күту жасау» МҚ ата-аналарға баланың дамуы мен денсаулығы, оның ішінде ата-аналардың физикалық және психикалық денсаулығы, 0-5 жастан бастап баланы күту негіздері, емшек сүтімен емізу және күтім мәселелері, дәрігерге жүгіну қажет дабыл белгілері, балаға алғашқы медициналық көмек, баланың үйде және көшеде қауіпсіздігі мәселелері және т.б. бойынша арналған.
«Ерте шақтағы балаларға күту жасау» мобильді қосымшасы мынадай міндеттерді шешеді:
Жүкті аналар үшін және баланың дамуы үшін, оның ішінде оны туған сәттен бастап тәрбиелеу және күту бойынша барлық қажетті ақпараттың бірыңғай алаңы.
Жас немесе болашақ ата-аналардың ерте шақтағы балалардың қажеттілігі бөлігінде хабардар болу деңгейін арттыру.


Бұл қалай жұмыс істейді?

«Патронаждық мейіргер» мобильді қосымшасы патронаждық мейіргерлер үшін автоматтандыру құралы ретінде әрекет етеді. Осы мобильдік қосымшада Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерімен интеграциялау іске асырылды (ағымдағы сәтте тестілік режимде). Бұл дегеніміз, кейбір мәліметтер қосымшада қол жетімді және мейіргерге пациенттер туралы ақпаратты әр уақытта толтырудың қажеті жоқ. Бұл біріншіден ыңғайлы, екіншіден, уақытты үнемдейді, үшіншіден, қате деректерді енгізу қаупін азайтады. Мейіргер үйде сауалнама және тексеру жүргізіп, барлық алынған мәліметтерді қосымшаға қағаз жүргізуден айналып толтырады, дәрігер жұмыс орнында осы деректерді онлайн режимінде көре алады, есептер шығарады және тиісті шаралар қабылдайды. Егер сауалнама интернет желісі жоқ аумақта жүргізілген жағдайда, қосымша барлық деректерді сақтайды және интернет желісіне алғаш қосылған кезде барлық деректерді автоматты режимде синхрондайды. Сауалнама аяқталғаннан кейін, мобильді қосымша автоматты режимде енгізілген арнайы алгоритмдер негізінде болжамды тәуекелдерді есептейді.
«Ерте шақтағы балаларға күтім жасау» мобильді қосымшасы жүкті және нәрестелерді күту бойынша қажетті мәліметтер жинағы ретінде қызмет етеді. Мұнда жас және болашақ ата-аналар үшін де, әртүрлі жыныстағы 5 жасқа дейінгі балалар үшін де пайдалы ақпарат бар. Дұрыс босану, дұрыс тамақтану, жеке гигиена, баланың дамуы, күтім, медициналық көмек, ата-аналардың отбасындағы рөлі, тәрбие стилі және басқалары кітаптар, буклеттер, суреттер және бейне материалдар түрінде ұсынылған.

Дұрыстығы жағынан қалай?

Мобильді қосымшаларға салынған барлық материалдарды, есептеулер мен алгоритмдер Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Балалар Қорымен (ЮНИСЕФ) ресми түрде ұсынылды.

Қосымшаларды қалай пайдалануға болады?

«Патронаждық мейіргер» мобильді қосымшасына қол жеткізгеннен кейін мейіргерлер мен дәрігерлерге пайдаланушы нұсқаулығы ұсынылады. Қажет болған жағдайда медициналық ұйымдардың қызметкерлерін оқыту қарастырылған.

«Ерте шақтағы балаларға күтім жасау» мобильді қосымшасында жұмыс істеу үшін өзіңізді және балаңызды бірінші рет кірген кезде тіркеу жеткілікті. Тіркелгеннен кейін ата-аналар мен балаларға арналған бөлімдер қол жетімді болады.

Қайдан жүктеуге болады?

Мобильді қосымшаларды Google Play Market-те мүлдем тегін режимде жүктеуге болады.


Автор: Жұмахаев Тимур Асхарұлы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК Денсаулық сақтауды ақпараттандыру департаментінің кешенді тестілеу бөлімінің бастығы.Термин «электронное здравоохранение» введен в 2013 году в Государственной программе «Информационный Казахстан — 2020». В лечебно - профилактических организациях, оказывающих гарантированный объем бесплатной медицинской помощи работают информационные системы Министерства здравоохранения, а так же продукты сторонних разработчиков - медицинские информационные системы. Они обеспечивают сбор данных с медицинских организаций и предоставление их на национальном уровне.