Целиноград мемлекеттік медицина институты, 1980 ж.
Жалпы жұмыс өтілі: 40 жыл
оның ішінде «РЭДСО» - да: 10 жыл
1957 жылы 9 сәуірде Көкшетау облысы Қызылту ауылында дүниеге келді.
1980 жылы Целиноград мемлекеттік медицина институтында «Емдеу ісі» мамандығы бойынша жоғары білім алды.
1981 жылдан бастап 1987 жылға дейін Көкшетау облысы Қызылту ауданы Чехов ауылдық дәрігерлік амбулаториясының бас дәрігері болып жұмыс істеді. 1987 жылдан бастап1989 жылға дейін Көкшетау облысы Қызылту орталық аудандық ауруханасының терапия бөлімшесін басқарды.
1989 жылдың сәуірінде КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды, 1989 жылдан 1991 жылға дейін КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты және КСРО Жоғарғы Кеңесі Одақ Кеңесі палатасы төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.
1992 жылдан бастап 1999 жылға дейін Көкшетау станциясының теміржол ауруханасының бас дәрігерінің емханалық жұмыстар бойынша орынбасары лауазымында жұмыс істеді.
1994 жылғы наурызда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды және 1994 жылдан бастап 1995 жылға дейін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Денсаулық сақтау комитетінің мүшесі, Алматы қаласындағы ҚР Президенті жанындағы кешірім жасау комиссияның мүшесі болды.
1999 жылдан бастап 2000 жылға дейін Көкшетау қалалық денсаулық сақтау бөлімі меңгерушісінің орынбасары лауазымын атқарды. 2000 жылдан бастап 2002 жылға дейін Ақмола облыстық наркология диспансерінің бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеді.
2002 жылдан бастап 2011 жылға дейін Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасында алдымен МСАК бойынша бас маман, кейін емдеу – алдын алу қызметі бөлімінің бастығы және 2005 жылдан бастап Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының емдеу жұмысы бойынша орынбасары болып жұмыс істеді.
2011 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР ДСМ Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының Ақмола облыстық филиалының директоры.
Аккредиттелген тәуелсіз сарапшы, ҚР медицина қызметкерлері кәсіподағының мүшесі, «Пана» қоғамдық бірлестігінің мүшесі болып табылады.
Терапия және денсаулық сақтауды ұйымдастыру бойынша жоғары санатқа ие.
ҚР Парламентінің 10 жылдығы медалімен, ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы медалімен, «Денсаулық сақтау ісіне үлесі қосқан үшін» және «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгілерімен, Медицина қызметкері күніне арналған «Еңбек ардагері» (2019 ж.) медалімен марапатталған.