ЫСҚАҚОВА
Гүлнәр Долдашқызы
Алматы қалалық филиалының директоры
Білімі жоғары:
  • Алматы мемлекеттік медицина институты,1988 ж.

Жалпы еңбек өтілі: 34 жыл

оның ішінде «РЭДСО» - да: 6 жылдан астам

1970 жылғы 2 қазанда Алматы облысында дүниеге келді.

1977 жылы Талдықорған облысы Киров ауылындағы орта мектептің бірінші сыныбына барды.

Еңбек жолын 1987 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін Киров орталық аудандық ауруханасының жаңа туған нәрестелер палатасының медбикесі ретінде бастады.

1988 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының педиатрия факультетіне оқуға түсті. Оқуын Алматы қаласының №1 перзентханасының жаңа туған нәрестелер бөлімшесінің мейірбикесі жұмысымен ұштастырды. Институтты бітіргеннен кейін Талдықорған қаласының біріктірілген ауруханасында учаскелік педиатр болып жұмыс істеді.

1999 жылы Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтының жұқпалы аурулар кафедрасында (ересектер) жұмысын жалғастырды.

2001 жылдың қазанынан бастап 2004 жылдың ақпанына дейін қалалық ақпараттық-талдау орталығының қызметін атқаратын ОҚКА ұйымдастырушылық-әдістемелік бөлімінде дәрігер-статист болып жұмыс істеді.

2004 жылы дәрігер-статист қызметіне ауысып, кейін №1 қалалық балалар клиникалық ауруханасының медициналық статистика кабинетінің меңгерушісі болып 2007 жылға дейін жұмыс істеді.

2007 жылдан бастап 2010 жылға дейін Медициналық ақпараттық-талдау орталығының статистика бөлімінің бастығы, содан кейін «ДСДРО» АҚФ директорының орынбасары лауазымында жұмыс істеді.

2010 жылдан бастап 2016 жылға дейін №7 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігерінің ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыс бойынша орынбасары болып жұмыс істеді.

2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының Алматы қалалық филиалының директоры қызметін атқарады.

«Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша бірінші біліктілік санаты бар. «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының магистрі.

«Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» (2010 ж.) белгісімен, сондай-ақ «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» (2020 ж.) төсбелгісімен марапатталған, Алматы қаласының әкімі, денсаулық сақтау министрлігі, «Нұр Отан» ХДП атынан грамоталары бар.