АХМЕТОВ
Ералы Есенгелдіұлы
филиал директоры
Білімі жоғары:
  • Семей мемлекеттік медицина институты;
  • Халықаралық қазақ-түрік университеті, 1998 ж.
  • Мирас университеті, 2012 ж.
  • Өңірлік инновациялық-әлеуметтік университет, магистратура, 2019 ж.

Жалпы еңбек өтілі: 22 жыл

оның ішінде «РЭДСО»-да: 4 жыл

1974 жылғы 7 мамырда Алматы қаласында дүниеге келді.

1991 жылы Семей мемлекеттік медицина институтына оқуға түсті. 1998 жылы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірді, «жалпы практика дәрігері» біліктілігі берілді.

1998-1999 жылдары Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Акушерия және гинекология» бойынша 5 айлық оқудан өтті, 1999 жылдан бастап Шымкент қ. «Студенттер, жасөспірімдер мен балаларға арналған сауықтыру орталығы» МКК дәрігер-гинеколог болып жұмыс істеді.

2002 жылдан 2003 жылға дейін Шымкент қаласы бойынша «Салауатты өмір салтын қалыптастыру қалалық орталығында» дәрігер-ұйымдастырушы болып жұмыс істеді.

2003 жылдың сәуір айында «Қалалық денсаулық сақтау статистикасы бюросы» ММ басшысы болып тағайындалды және осы мекемені 2007 жылға дейін басқарды.

2007 жылдан бастап 2011 жылға дейін Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «Медициналық ақпараттық-талдау орталығы» РМК филиалының, «Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы» РМК филиалының директоры болып жұмыс істеді.

2012 жылдан бастап 2016 жылға дейін «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ сапа менеджменті бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.

2016 жылдан бастап 2017 жылға дейін Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сарыағаш аудандық «Абай» ауруханасының бас дәрігері қызметін атқарды.

2017 жылғы қарашада ҚР ДСМ «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы директорының орынбасары болып тағайындалды, ал 2018 жылғы 10 қазаннан бастап ҚР ДСМ «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК Шымкент қалалық филиалының директоры болып табылады.

2012 жылы Мирас университетін бітіріп, «Қаржы» мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры дәрежесін алды.

2017-2019 жылдары «Өңірлік инновациялық-әлеуметтік университетінде» «Экономика» мамандығы бойынша магистратурадан өтті.

2010 жылы «Денсаулық сақтау үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

2020 жылы «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

2022 жылы «Қазақстан Республикасы Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні атаулы күніне байланысты еліміздің игілігі, әлеуметтік-еңбек саласының тұрақты дамуы мен экономиканың кемелденуі жолында сіңірген еңбегі үшін» құрмет грамотасымен марапатталды.

І санатты денсаулық сақтау ұйымдастырушысы болып табылады.